ЖАҚСЫ НИЕТ ЖАРЫМ ЫРЫС

Аллаға мақтау, пайғамабарымыз Мухаммед сәлем салауаттар болсын. Алланың тура жолында болған ізгі құлдарына сәлемдер болсын.

Ислам діні иман сенімнен, ізгі амалдар жасаудан және жан дүниесінің тазалығынан тұрады. Иман сенімді — дін сөздігінде таухид, ақида, кәлам білімі, усулуд дин деген терминдерімен көптеген кітаптар жазылған. Алғашқылардан сенім турасында қалам тербеген салаф ғалымдардың ұстазы біздің мазхаб иесі Абу Ханифа (р.а) еді. Ал енді амалдарды реттейтін білім саласын дінде «Фиқһ» атауымен танымал. Намаз, ораза, қажылық, зекет сияқты амалдар жатады. Бұл айтылған амалдар арқылы біз адамның сыртқы көрнісін көреміз, ал адамның жан дүниесін, жүрегіндегі сезімін, ниетіндегі мақсатын Аллаға тапсырамыз. Адамның жан дүниесін жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеп, рухани кемелділікке жеткізетін білімді «Ихсан» білімі деп атайды. Пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ихсан дегеніміз Алланы көріп тұрғандай оған сиыну, құлшылық жасау, Алланы көрмесен де ол сені көріп тұр деп, құлшылықта болу» деген. Дінімізде ихсан білімін зерттейтін саланы тауассуф білімі деп атайды. Негізінен адам баласы періште мен хайуанның арасында жаратылған Алланың жаратылыс. Ақиқи құдайын танып, тура жолмен жүрсе, періштелердей дәрежеге жетеді. Ал нәпсісінің жетегінде кетсе, ондай жағдайда Алланың алдыңда құрметі жоғалып, адасушылыққа түседі. Құранда «Наба» сүресінің соңғы аятында ондай адам: «Әттең топыраққа айналып кетсем етті» деп, адам болып жаратылғанына өкінеді екен. Адам баласының дұшпандары көп. Бірінші адам баласының дұшпаны адамның өзі яғни адамның нәпсісі. Ислам ғалымдары адамның жаның тәрбиелеу арқылы, рухани дәрежелерге жетуге болатының айтқан. Адам жанының рухани сатылары, бұлар:

  1. Аммарату  биссуу яғни жамандыққа итермелейтін нәпсі
  2. Нафсу лаууама – өзін сөгуші нәпсі
  3. Нафсу мутма’йынна – тұрақтаған, қарарланған нәпсі
  4. Марзия – риза болған нәпсі
  5. София – пәктелген, тазарған нәпсі

Нәпсіні тәрбиелеуде ниеттің алатын орны ерекше. Пайғамбарымыздың хадис шарифінде: «Шын мәнінде, амалдар тек ниетке байланысты. Расында, әрбір кісіге ниет еткені тиісілі. Кімде кім Алла және Оның Елшісі үшін қоныс аударса, ол Алла үшін және Оның Елшісі үшін қоныс аударған болып саналады. Ал кім дүниеге қол жеткізу үшін немесе бір әйелге үйлену үшін қоныс аударса, оның қонысы сол көздеген мақсатына қоныс аударған болып саналады.» Ниеттің орны жүрек болып саналады. Адамның жүрегі сау болса,  оның барлық амалдарына Алланың алдыңда сауаптар жазылады. Ал жүрегінде рухани бір ақау, ауру болса, онда оның барлық амалдары бекер болып, Алланың алдыңдағы жақсылықтарға жете алмайды. Құранда  Бақара сүресінің 10 аятында:   

فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ فَزَادَهُمُ اللّهُ مَرَضاً وَلَهُم عَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ

«Олардың жүрегінде дерт ауру бар. Алла ол жүректеріңдегі ауруды артырады. Жалған айту себепті олар үшін күйзелтуші азаптар бар»

Ниеттері түзу болмағандықтан, жалған сөйлеп алдаушылық жолына түскендіктен Алла оларға азап беретінің хабарлауда.

Белгілі хадис танушылардың бірі Дарақутни ниет турасында пайғамбарымыздың(а.с) мына бір хадисін келтіреді: Алла Тағала қиямет күні жазушы періштелеріне: «Пәленше деген құлымның амал дәптеріне «мынаны, мынаны жаз» деп бұйырады. Періштелер: «Уа, Раббымыз! Бұл бендеңнің ондай бір нәрсесін жазбадық. Дәптерімізду ондай нәрсе жоқ», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Құлым мұны істеуді ниетіне алған еді»,- деп жауап береді. Сондықтан Пайғамбарымыз(а.с): «Мүміннің ниеті амалынан жақсы» деген.

Ниеттің дұрыстығы, тазалығы амал істегенде ең басты орында тұр. Қандай да  бір амалды істеуді қаласақ, сауапты ниет қылып орындасақ, Алла алдыңда қабыл болып тұр. Ал ниеті дұрыс болмаса, сырт көрнісі жақсы амал болса да, Алла ондай ниеті жаман амалға мұқтаж емес. Абу Һурайрадан(р.а) жеткен хадисте пайғамбарымыз(а.с): «Уа, Абу Һурайра! Осы үш адам тамық отын лаулататын алғашқылардан деп, ғалым, бай, шәйітті мысалға келтірген. Олардың ниеттері Алланың ризашылығы емес, өздерінің дүниеуи мақсаттары үшін дінді пайдаланғандары үшін азапқа душар болған. Құранда «Һуд» сүресінің 14-15 аяттарында:

 مَن كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لاَ يُبْخَسُونَ

 أُوْلَـئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الآخِرَةِ إِلاَّ النَّارُ وَحَبِطَ مَا صَنَعُواْ فِيهَا وَبَاطِلٌ مَّا كَانُواْ يَعْمَلُونَ 

  «Кім дүние тіршілігі мен оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерің толық береміз. Сондай ақ олар кемшілікке ұшырамайды. Есесіне ақыретте оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниеде жасағандары жойылып кетті. Онсыз да олардың жасағандары бекершілік». Бұл дүние уақытша, сынақ үшін жаратылған. Алла біздерді тек өзіне ғана құлшылық қылсын деп жаратқан. Адам баласы Алланың ризашылығына жетуден айнып, өзінің нәпсі қалауларына бас ұрса, ақиреттегі жағдайы мүшкіл болайын деп тұр.

Алла баршамызды тура жолына бастасын.

«Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрмашұлы

Return to Top ▲Return to Top ▲