Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

0

Сұрақ: Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

Жауап: Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұған ханафи мәзһабына қатысты «Раддул мұхтар» атты кітабындағы мына сөз дәлел:  «Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды»[1].

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі    

[1] «Радд әл-мұхтар» , 2/435-436.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!