Инемен емдеу (Иглотерапия) оразаны бұза ма?

0

Сұрақ: Инемен емдеу (иглотерапия) оразаны бұза ма?

Жауап: Инемен емдеу оразаны бұзбайды. Бұл мәселені денеге кірген жебе және шаншылған найза мысалдарымен салыстырып қарастыруға болады. Фиқһ кітаптарында мынандай мәселе келген: «Садақтың оғы (жебе) дененің бір жағынан кіріп, басқа жағынан шықса немесе найзамен шаншып алғанда ішіне жетсе, ораза бұзылмайды. Егер найза ішінде қалып қойса, мұнда пікір қайшылықтары туындайды. Дегенмен, ең дұрыс шешім – оразаның бұзылмауы»[1]. Ораза кезінде инемен емделу қатты қажет болмаса, оны кешкі уақытқа немесе рамазан айынан тыс күндерге қалдырған абзал.

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] «Әл-фәтауа әл-баззазия», 1/88.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!