Білім сайысы

0

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Абдулхамит Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен, осы аудандағы мешіттер жамағат арасында «Ақида ілімінің шамшырағы Абу Мансур әл Матуриди» атты, Ақида және Фиқ ілімдерінің қағидалары мен ережелерін жатқа айтудан сайысы өтті. Сайысқа Шымкент қалалық «HALIFA AL-NAHAIAN AQMESHITI» мешітінің бірінші найб имамы Бақдаулет Нұрматұлы және «Абдулхамит Қаттани» мешітінің найб имамдары Керімбеков Анарғали, Сарыбаев Қазыбек, А.Тұрапбай төрелік етті. Сайыс осы мешіттің найб имамы Тұрапбай Ақтөренің тұрақты жамағатқа өткен «Әл-уасия», «Фиқхул Акбар» және «Кабайр» кітаптарынан қамтылды. Жамағаттың білімге деген құштарлығын арттыратын осынау дүбірлі додаға жамағаттан 40 адам іріктеліп қатысты. Аталған жиынның жеңімпаздарына, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!