Шәкірт жемісі

0

Имандылық дегеніміз –адамның ішкі рухани жан дүниесін реттеуші күш, қадір-қасиет,адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адам баласының жарық дүниеге келіп, өсіп, ержетіп, тіршілік етіп, қартаюы, өз ара қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық бұлардың барлығы имандылыққа тікелей қатысты.

Дінімізде,бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңірген жүрегіне нұр, жүзіне жылу ұялаған, әрдайым жақсылық ойлайтын,әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды жан” деп атаған. Иман – жүректегі нұр, Алла тағалаға иман келтірген адамға бітетін көркем мінез. Қай істің басында да үйретуші ұстазы яғни бағыт-бағдар берушісі болады. Алла тағаланың қалауымен жүрегіме иман ұялағалы менде иман жолына түстім, артымдағы іні-қарындастарыма осы жолдың мұсылман үшін ең таза жол екендігін түсіндіргім келіп, 2012-2015 жылдары Түркістан облысы (Оңтүстік қазақстан облысы) Сарыағаш ауданы, Сарыағаш медресесінде оқуға түсіп тәмәмдағасын, 2015-2018ж Алматы қаласы, Египет Ислам мәдениеті «Нұр-Мубарак» университетін тәмамдағанмын. Дін саласындағы оқуымды аяқтағаннан кейін 01.05.2018ж «Қазақстан Мұсылмандары» діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбайқажы Ораз мырзаның бұйрығымен ШҚО, Үржар ауданының орталық мешітіне ұстаздық қызметке тағайындалып,Үржар ауданының бас имамы Қасымұлы Нұрзат қажының «Халыққа қызмет» -атты бағдарламасымен танысып, ұстаздық қызметке кірісіп те кеттім.
Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақ болсын Жаратушы алланың қалауымен жазғы демалыс мезгілінде имандылық пен ата-баба дәстүрі бағдарламасы бойынша 2-ай сабақ жүргізідім, жастар мен ересектерді қосқанда 60-қа жуық шәкірттер білім алды. Білім беру кезеңінде байқағаным ауданымызда иманды жандар баршылық екен машаллах. Барлығы риза. Алланың берген береке-бірлігінің арқасында жамағатымызбен бірге мешітімізде күрделі жөндеу жұмыстарын да жасап алдық. Атап айтсақ: Намаз оқитын үлкен залға жылы еден, сауат ашу сыныбына толықтай жаңарту жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаз, арнайы оқулықтар жасақталды. Қаражат жағынан қолдау көрсеткен белді кәсіпкер ағаларымызға алла риза болсын дегім келеді. «Харекет түбі берекет»-демекші бірлікпен істелген әр ісімізге алла берекесін берсін. Алдағы уақытта аудандық орталық мешітте діни сабақтар өтетін болады. Құрметті ағайын келіп жазылыңыздар. «Білімді қариясы жоқ елде білімді ұрпақ қайдан болсын»-деп бір данышпан айтпақшы имандылыққа алдымен өзіміз бет бұрсақ ұрпақ тәрбиесі сіздердің қолдарыңызда емес пе?

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!