Бірінші орынбасарды қабылдады

0

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Рушан Аббясовты қабылдады.
Ресми кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Қоғамдық келісім комитетінің бас сарапшысы Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Халықаралық қатынастар және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтар қатысты.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасында қалыптасқан бауырлық байланысты одан әрі нығайту, ғылыми, діни, мәдени бағытта бірліскен жобаларды жүзеге асыру, дін қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, шәкірттер даярлау, т.б. мәселелер талқыланды.
Басқосу барасында сөз болған негізгі мәселе: «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері алдында» атты IV халықаралық ғылыми-теологиялық конферецияны ұйымдастыру. Кездесуде айтулы шараға дайындық жұмыстары пысықталып, ұйымдастыру-үйлестіру іс-шараларына қатысты екіжақты келісімдер жасалды.

Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында «Рухани Жібек жолы» атты халықаралық конференция өткізу туралы келісім жасалған. Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль хазірет Гайнутдин Серікбай қажы Ораздың бұл ұсынысын қолдап, оң пікірін білдірген болатын.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!