Адамның пәктігі

0

Бұл жерде «Адам» деудегі мақсат, жалпы аты адам болса болды, одан қалған тағам және судың пәк болуы түсіндіріледі. Адам момын ба, кәпір ме, әйел ме, еркек пе, үлкен бе, кіші ме, жүніп пе (ерлі зайыптлар жыныстық қатынас жасағанда, түсінде былғанғанда), хайыз (етеккір) және нифас (бала босанғанда келетін қан) көрген бе айырмашылығы жоқ. Тек қана арақ ішпеген болса болды. Егер арақ ішкен болса, аузы нәжіс болады. Сондықтан, оның аузындағы және аузы тиген нәрселерде нәжіс (лас) болады. Ол ластықтан арылу үшін, аузын жууы, су ішуі, яки түкірігін үш рет жұтуы қажет.
Адамның пәктігі жайындағы дәлелдер Абу Хурайрадан р.а риуаят етіледі:«Бір ретте Алланың Елшісі (саллаллаху алейхи уасаллам) маған Мединаның жолдарының бірінде жолығып қалды. Мен жүніп едім, жасырынып қалдым».
Басқа риуаятта: Білдірмей шетке шықтым. Барып, ғұсыл алып келдім. Ол кісі:«- Ей Абу Хурайра , қай жерде едің?»- деді. Мен;« Жүніп едім, сізбенен пәк болмаған күйімде отыруды ұнатпадым», — дедім. Ол кісі:«- Субханалла! Мұсылман нәжіс болмас»,- деді». Имам Бухари, Муслим, Абу Дәуіт, Насаи және Термизилер риуаят еткен.
Айшадан р.а жеткен риуаятта:« Мен хайызды (етеккір) хәлімде бір нәрсені ішіп, кейін Набиге (соллаллаху алейхи уасаллам) берер едім. Ол кісі менің ернім тиген жерден ішетін еді. Мен хайызды(етеккір) хәлімде сүйекті мүжіп, Набиге (саллаллаху алейхи уасаллам) берер едім. Ол кісі мен тістеге жерден жейтін еді». Имам Муслим риуаят еткен.
Және Айшадан р.а жеткен риуаятта:«Мен хайызды(етеккір) хәлімде Расулуллах (саллаллаху алейхи уасаллам) маған сүйеніп алып, Құран оқитын еді». Имам Муслим риуаят еткен.
Демек Адам баласы — мүмін бе, кәпір ме, әйел ме, еркек пе, үлкен бе, кіші ме, жүніп пе, хайыз және нифас көрген бе айырмашылығы жоқ, барлығы пәк болып есептеледі. Олар ұйқыдан тұрғанда, қолын үш рет жумайынша, қолын ыдысқа салмайды. Бір-бірімен қол беріп сәлемдеспес бұрын екі қолын білезікке дейін жуулары қажет. Себебі адам ұйықтағанда қолы қайда барғанын, нелерді ұстағанын білмейді. Дүнияуи істерінде сөйлесулері, жеп-ішулері, бірге отырулары мүмкін, бірақ жүніп болған, хайыз және нифас көрген әйелдер жуынып (ғұсыл алып) таза болмайынша Құран оқымайды. Құран және тәпсір, хадис, фиқһ кітаптарында ұстамайды, тек қана оған жабыспаған қапшығымен ұстауға болады, өйткені, ол кітаптарда Құран аяттары болады. Мешітке кірмейді, Құран сүресі жазылған ақшаны да қапсыз ұстамайды. Себебі жүніп болғандар, нифас және хайыз көргендердің барлығы дәреті(тазалығы) жоқ адамдар. Оған дәлел «Уақиға» сүресі 79-шы аятта:
«Оны (Құранды) тек тазалар ғана ұстайды»,-деген.
Демек, сүре жазылған нәрселерді де дәретсіз ұстауға болмайды. Құран Кәрімнің суда ағуы, отта күюі, нәжіс жерге түсуі секілді қауіп болса, осы аталған кісілер оны сақтау мақсатында ұстаулары мүмкін. Құранды дәретсіз парақтауға да болмайды. Қалам секілді нәрсемен парақтауға рұқсат бар. Жас балалар ұстаса, мейлі.

Кадиров Еркін

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!