Құран Кәрімнің – ерекшеліктері

0

Алла тағала жаратылыстың ішіндегі ең ұлығы адамдарға тура жолды үйрету мен ақиқатқа жету, адалдан мен арамды айыра білу үшін пайғамбарларына уақилар түсірген. Оның ішінде ең құндысы Алланың ескерту кітаптары. Міне, осы түсірілген кітаптарға сену — бүкіл адамзатқа парыз.  

Алла тағала Құранда: «- Әй, мүміндер! Аллаға, пайғамбарына және оған түсірілген Құранға сондай – ақ одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал, кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне иман етпесе, қарсы шықса сонда тым ұзақ адасты» — деген. Ниса (4/136) Алла тағала тарапынан бізге төрт қасиетті кітап түсірілді. Олар: Таурат, Забур, Інжіл және қасиетті Құран-Кәрім. Бұл кітаптардан үшеуі бұрмаланып, өзгеріске ұшырауына байланысты өз маңызын жоғалтқан. Құран Кәрімнің бұл кітаптардан ерекшелігі Пайғамбарымызға (с.а.с) алдыңғы иләһи кітап секілді бірден толық бір кітап ретінде түспеген. Керісінше 23 жыл ішінде түрлі оқиғалар мен сұрақтарға жауап ретінде және қажеттілігіне байланысты аят-аят немесе сүре ретінде түскен.

Құран — ең соңғы ескерту кітап, одан кейін басқа қасиетті кітап келмейді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Алла тағаланың елшісі және бүкіл үмбеттің Пайғамбары екенін дәлелдейтін ең үлкен әрі мәңгілік мұғжиза. Құран Кәрім бізге дейін ешбір өзгеріске ұшырамай келген қасиетті кітап және қияметке дейін өзгеріске ұшырамайды.

Өйткені, Алла басқа кітаптарға бермеген кепілдікті Құранға берген:
«- Әлбетте, Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз». Хижр(14/9) Ал, Сад сүресінің 29 — аятында болса, «(Ей, Мұхаммед с.а.с) осы Құран барлық адамдар оның аяттарын ойланулары және ақыл иелері ескерту өнеге алулары үшін біз сізге түсірген құтты бір кітап болды»- делінген.
Құран тек қана халал мен харамдардан тұратын кітап емес. Ішінде жақсы адамгершілік, әртүрлі адам кейіпкерлері, Құранда аты аталған 25 пайғамбардың өнегелі қиссалары мен жағдайлары, әлемнің және ақыреттік өмір туралы ақпарат, Алладан қорқу және оның сүйіспеншілігі мен разылығына қалай жетуге болатынын, қысқаша айтқанда, Жаратушының жаратылысына жіберген ескертулері, сондай–ақ, қайта тірілу күніне дейін қолданылатын қасиетті кітап. Бұған дәлел Кәһф сүресінің 54 аяты: «Біз бұл Құранда адамдарға ( үгіт насихат алулары үшін) әртүрлі мысалдар баян еттік. Расында, адамзат өте көп жанжал қылушы». Құран Кәрім шамамен 1400 жыл жаста. Ол тек бұрынғы өткен оқиғаларды ғана емес, әлемнің өмірін аяқтайтын қиямет күнін, ақыретті, кез – келген кезеңдегі және күннің оқиғаларын үйрететін құндылық. Оған мысал келтіретін болсақ, Құран Кәрімдегі Хадид сүресінің 25 – аятында: « Біз темірді жараттық. Онда күш – қуат және адамдар үшін пайдалар ( яғни шипа ) бар» — делінген. Адамдар темірді (күш – қуат) пайдаланып қару, ғимараттар жасайды. Ал, шипа болса қандағы темір жеткіліксіздігі – бұл анемия. Темір тапшылығы өткен ғасырда медицинада анықталған факт. Алайда біздің қасиетті кітабымыз бұл нәрсені 1400 жыл бұрын ишара еткен.

Құрметті оқырман, Құран-Кәрім физика, химия, математика немесе медициналық кітап емес. ҚұранКәрімді басынан аяғына дейін оқып шықсаңыз, оның ішінде көптеген басқа ғылымдар бар екенін көресіз. Тіпті, адам баласының әлі күнге дейін таба алмаған көптеген сырларынан белгі береді.

  Хабиба Сманова

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!