Құрандағы үлкен жарылыс

0

Жаратылыс тарихының барлық кезеңдерінде ұшы-қиыры жоқ ғаламның қалай пайда болғандығы адам баласын қатты қызықтырды. «Оның шегі бар ма, әлде жоқ па? Ол тұрақты ма, әлде үнемі қозғалыста ма? Ондағы тәртіп пен тепе-теңдік қалай сақталады?» дегендейін сұрақтар туындайды.

Сан сауалға жауап табу үшін ғалымдар көп уақыт сарып етті. ХІХ ғасырда ғалымдар: «- Ғаламның бастауы мен соңы жоқ, тұрақты»,- деп есептеді. Алайда, ХХ ғасырда технологиялардың дамуымен жұлдыздардың жыл сайын бір-бірінен алыстауын байқаған ғалымдар, ғаламның үздіксіз кеңею үстінде екенін анықтайды.

Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галактикалар бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном Хабл зерттеп тапқан болатын. Оның айтуы бойынша, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз, бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтықтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен жылыстап жатыр.

Бұл соңғы ғасырларда ашылып жатқан ғылыми жаңалық болғанымен, ғаламды жоқтан бар етіп жаратқан Жаратушымыз, өзінің қасиетті кітабын Пайғамбарымыз Мұхаммедке осыдан мың төрт жүз жыл бұрын түсірген кезде «Біз аспанды (ғаламды) құдіретімізбен жараттық, және біз оны кеңейтеміз» (Зарият 47) деп баяндаған.

Сонымен ғалам дегеніміз – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние деп айтсақ болады. Осыдан кейін ғалымдар: «қазір ғалам кеңею үстінде болса, демек, әуел баста ол жиынтық бір нүкте болған» деген теорияға келді. Яғни, бұл ғаламдағы барлық денелер бір бүтін, тұтас бір дене болып, кейін сол дене қуатты бір жарылыстың нәтижесінде бір-бірінен ажырайды.

Міне, осы жарылысты ғалымдар «үлкен жарылыс теориясы» немесе «big-bang» деп атайды. Аталған теорияға байланысты Құраннан негіз іздеп көрсек, Әнбия сүресінің отызыншы аятында Алла тағала: «Аспан мен жер бір тұтас болып, біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жаратқанымызды кәпірлер қалайша көрмейді? Олар қалайша иман келтірмейді?» — деп бұйырады. Аяттың арабшадағы түп нұсқасында «ратк» сөзі «бір-бірінен ажырағысыз, кіріккен, бөлінбес, біртұтас» деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде бөлінбес, біртұтас болған екі субстанцияны сипаттау үшін осы сөз қолданылады. Ал «фатқ» сөзінің мағынасы «бөліну, жарылу, қақ айырылу». Арабтар бөлінбес бүтін болған нәрсенің кенеттен жарылуын білдіру үшін осы сөзді қолданады. Топырақ астында көмілген тұқымның да жарылуын осы «фатқ» сөзімен білдіреді.

Жоғарыда келтірілген аятта Алла тағала аспан мен жердің ажырауын осы сөздермен сипаттады.
Ал «үлкен жарылысқа дейін не болған?» деген сұраққа ғалымдар былайша жауап береді: «Үлкен жарылысқа дейінгі кезеңде абсолютті тыныштық болған. Яғни, материя деуге келетін ешқандай субстанция болмады».

Бұл — ғалам жоқтан бар болды деген сөз. Қасиетті Құранда Алла тағала: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша болады? Оның жұбайы да жоқ. Барлық нәрсені жаратқан ол, барлық нәрсені толық біледі» (Әнғам 101).

Бүгінгі таңда супер заманауи технологиялар көмегімен жұлдыздардың ыстық газдардың жиынтығынан құралғандығы анықталып отыр. Газдардың жиынтығының сыртқы көрінісі бұлтқа ұқсайды немесе ғылыми тілмен айтқанда «өте үлкен ғарыштық түтін» сияқты. Яғни, ғалам алғашқы пайда болу кезінде түтін қалпындағы ыстық газдардан құралды деген қортынды шығады.

Фуссилат сүресінің 11- аятында Алла тағала: «Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әрі жерге: Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер деді. Екеуіде: Бой ұсынған түрде келдік деді» деп баяндайды.
Құранда келген бұл хабарлар бүгінгі ғылыми жаңалықтармен толық сәйкеседі. Астрофизикамен анықталған талассыз фактлер ғалымдарды мынадай қортындыға әкелді: Ғалам үлкен жарылыс немесе «big-bang» теориясы нәтижесінде абсолютті нолдік кеңістікте шамамен он бес миллиард жыл бұрын жоқтан бар болды. Ғалам үлкен жарылыстан соң үздіксіз кеңею үстінде. Және ол кеңеюдің шарықтау шегіне жеткенде, тартылыс күшінің әсерімен ол тоқтайды да, кері процес басталады. Сөйтіп ғалам өзіне сығыла бастайды. Сығылу процесі ғаламның көлемі мен қысымы, температурасы максималды көрсеткішке жеткенше жалғасады да, сығылудың шарықтау шегіне жеткенде, әуел баста қалай пайда болса, дәл солай жоқ болады. Ғаламның сығылу процесі аса қуатты дыбыспен сүйемелденетін болады. Ғалымдар бұл дыбысты «үлкен шапалақ» немесе «big-crunch» деп атады. Алла тағала: «Біз сол күні аспанды түтікшеге оралған кітапты бүктегендей етіп бүктейміз де, жаратылыс атаулыны әуел баста қалай жоқтан жаратқан болсақ, оларды (ақиреттік мәңгілік өмір үшін) дәл солай қайта жаратамыз. Бұл бізге бір міндет. Шынында біз уәдені орындаймыз». (Әнбия 104)
Осылайша сығылу теориясына сәйкес ғаламның сығылуы алғашқы кезеңде бәсең болады. Кейін сығылу күшейеді, нәтижесінде ол теңдесіз температурасы мен қысымы қуатты өте ұсақ материяға айналады да, жоқ болады.

Астрофизиктердің осы теориялары Пайғамбарымыз көрген ең үлкен мұғжизасы Құранның хабарларына өте ұқсас келеді. Ақиқатын Алла ғана біледі. Дегенмен ғаламның сырларының ашылып, Жаратушымыздың кітабының ақиқат екендігі анық болатындығына Фуссилат сүресінің 53-аятында дəлел бар: «Құранның анық ақиқат екендігі айқындалғанға дейін ғаламдағы және өздеріңдегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?».

Оразбек Жамбылұлы

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!