Понедельник, 17 Декабрь

Құранның сырлары!

0

Құран — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа оған үзілместен жеткен Алланың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу арқылы Аллаға құлшылық қылады.

Құран — Забур, Тәурат пен Інжілден кейінгі көктен түскен кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішіндегі шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран — уəхидың түскен жері мен уақытына байланысты Меккелік және мединелік боп бөлінген, 114 сүреден тұрады.
Қазіргі таңда ғалымдардың көпшілігі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қасиетті Құранға келіп жүгінуде. Барлық сұраққа Құраннан жауап табылуда. Оған дәлел жетерлік.

Әр саланың ғалымдары ондаған жыл зерттеулер жүргізіп, жаңалық аштым дегенде, ізденгендері жайля VII ғасырда түсірілген Құран Кәрімде айтылып қойғанына қайран қалуда. Әрине, бұған әркім-ақ еріксіз таңдай қағады әрі Алла Тағаланың құдіретіне көз жеткізеді.

Тарихтан белгілі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде өсті. Ол кезде бұл шаһарда ғалым, оқу-ағарту орындары медреселер болмаған, сонымен қоса жаратылыс ғалымдары дамымаған еді. Мұхаммед(с.а.с.) те оқу-жазу білмеген. Бірақ оған Алладан жеткен қасиетті Құранда қияметке дейінгі ғылым-білім тұжырымдары берілді. Уақыт өте келе ғылым дамыған сайын Құрандағы ақиқаттар ашыла бермек. Мысалы, «Әнбия» сүресінің 30-аятында былай делінген: » Әуелде көк пен жер бір тұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық. Жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық».
АҚШ-тың атақты геологы, професор Альфред Корнер бұл аяттың ағылшынша аудармасын оқып, қатты таң қалады. Соңында АҚШ-та өткен бір ғылыми өткен симпозиумда: «Бұл ғылыми жаңалық электрондық есептеу машиналары мен техникаларының соңғы жетістіктері арқылы ғана жақында ашылды. Бұдан он төрт ғасыр бұрын әрі ядролық физика туралы ештеңе білмейтін адмның, яғни пайғамбарымыздың жермен аспан денелерінің бір уақытта жаратылғанын ақылмен танып білу таң қаларлық. Анығында оның мұны білуі мүмкін емес еді»,-деп тұжырым жасады. Сөйтіп Құранды Мұхаммед пайғамбарымыздың(с.а.с.) жазбағанын былай деп мойындайды: «Бұл ақиқат — Алланың көктен түсірген нұры”.
“Фуссилат” сүресінде көктің, әлем жаратылмай тұрып әуелде түтін тәріздес болғандығы айтылады. Бұл ғылыми мағлұматты қазіргі ғылым толық қуаттап отыр. Ғылыми көзқарас бойынша, ғалам газ тәріздес пішінде болған. Кейіннен ядролық реакциялар (көзге көрінбейтін заттық өзгерістер) нәтижесінде газды пішінннен (температурасы жоғары ыстық плазма түрінен) суынып, әр түрлі пішінді иеленген. Біздің күн жүйеміз де осындай бөліністің нәтижесінде пайда болды. Жердегі тоқсан екі заттың көбісі күн мен айда табылып отырғаны белгілі жайт. Бұдан Құранда айтылған “Әлемдегі барлық заттың негізі бір” деген тұжырымдаманың ақиқат екенін көреміз.
Сонымен қатар таңертен аш қарынға бәсең дауыспен Құран оқу — дене және рухтың саулығы жағынан өте пайдалы. Оқу кезінде бастағы жүйкенің тітіркенуі болады. Бұл миға жақсы бір массаж есебінде. Мидағы тамырлардың айналасына одан да жақсы әсер етеді. Бәсең дауыспен және ыңғайлы бір ырғақпен Құран оқу жұтқыншақтағы дыбыстық пернелерді тәрбиелейді, күшейтеді, жұтқыншақ гимнастикасы есебінде болады. Күн сайын осылайша Құран оқуға үйренгендердің дауыстары қарттық кезеңдерде де бұзылмайды. Рухқа берген рахаттық әсері миға жақын болған гипофиз безінің одан да жақсы жұмыс істеуіне себебші болады. Өзге бездер де осылайша керемет бір халге енеді. Сөйтіп денсаулыққа зор пайдасын тигізеді. Адамның пессимистігін кетіріп, денеге қуаттылық пен рахат береді.
Адамды жаратқан мен Құранды жіберген бір құдірет болғандықтан, дененің түрлі сырларымен қатар түрлі жұмбақ сырларға толы болғаны енді белгілі бола бастады. Алла құран әріптерін дыбыстық кейіпке түсіріп, жүрек пен мидың материалдық және рухани жағынан тауылмас қазына түрінде әзірленген.
Құран- адамзаттың тәрбиешісі. Құранның негізгі мақсаты адам баласының жан тәнін кірден арылтып, рухына бақыттылық қанатын тағып жəннатқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жəннат. Өйткені, адамның психологиясы мен болмысын тәрбиелеуде ең жақсы әдісі адамды жоқтан бар еткен ғана біледі. Құран жаратушының адамзаттың бақыты үшін елші арқылы жіберілген кітабы.
Дүниежүзіне кең тараған діннің бірі- Ислам. Ислам дінінің қасиетті кітабы араб тілінде басқа діни кітаптарға мүлдем ұқсамайтын жүйеде жазылған. Алла Тағала Ислам дінінің қайнар бұлағы болған Құран арқылы бұл дүниеде бақытты болу үшін өмір қағидаларын үйретіп, о дүниелік жаннатқа қол жеткізудің жолдарын көрсетеді. Пайғамбарымызға ең бірінші түскен сүре “Оқы” деген мағынаны тасуда. Егер Құранның жолымен жүретін болсақ барлық мұсылмандар бірігіп ешқандай шайтаннның азғыруына көнбестен иманды таза, өркениетті, дамыған мемлекет болар едік. Құранды Мұхаммед(с.а.с) пайғамбар Таурат, Забур, Інжілді пайдалана отырып, ойдан шығарып жазған деген жалған пікірлерді қазіргі соңғы ғылыми жаңалықтар жоққа шығаруда. Дүние жүзінің атақты ғалымдары Құран Алла Тағаланың сөзі екендігіне көздері жетуде. Француздың əйгілі хирургы ғалым доктор Морис Букей: “Құранды түсіну үшін, адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен таң қаламын. Ғалымдар кейбір нақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін Құраннның аяттарына жүгінеді”. Егер де біз Құранды көбірек оқитын болсақ, жүректеріміз орнығып бір жақсы сезімге бөленеміз, әр оқыған әріпке сауап аламыз. Құран оқу бір ғибадат және Құранды оқыған кезде мына дүниенің ғылыми сырлары баяндала түседі. Алла Тағала жаратқан мақұлықтарына сүйіспеншілігі есебінде Құран түсіріп, ненің харам және ненің халал екендігін, қалай өмір сүру керектігін, біз үшін жаратылған жер қойнауындағы және жер үстіндегі ғаламатты байлықтарды ісімізге және пайдамызға қалай асыру керектігін, білімді талап ете отырып, ғылымның сарасына қалай жету керектігінің жолдарына меңзейді.

Бір сөзбен айтқанда «Құран — ғажап кітап», расында.

Есенғали Сипатаев

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!