Понедельник, 17 Декабрь

«Студенттік өмір деген — игі өмірдің бастауы»

0

17-қараша студенттер күні. Осыған орай Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фестиваль өтті. «Студенттік өмір деген — игі өмірдің бастауы» атты шарада Сарыағаш медресе колледжінің студенттері мақтау қағазымен марапатталды.

Колледж шəкірттері «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Күз келбеті» киімдер шеруі бойынша сынға түсті. Қазылар алқасы тарапынан үш колледж ғана мақтауға лайық деп танылды. Соның бірі Сарыағаш медресе колледжінің студенттеріне бұйырды.

Фестивальді өткізудегі мақсат: жастардың бойында мəдениет, рухани, адамгершілік, өнер, білімге ынтасын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды үйрету, қылмыстан сақтандыру, жас таланттарды көпшілікке таныту.

Айта кетейік, Сарыағаш медресе колледжінде 797 студент оқиды. Оның 466 ұл, 331 қыз баласы. Олардың бəрі тегін білім алып келеді.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!