Понедельник, 17 Декабрь

Рамазан айының оразасын себепсіз бұзуға бола ма?

0

Шариғат әркімнің шама-шарқына қарай кәффарат өтеу жолдарын реттік тәртіппен бекіткен. Алдымен құл азат ету, бұған шама жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстау, бұған да шама жетпесе, 60 мұқтажды тамақтандыру. Бұл реттік тәртіп қатаң сақталуы қажет. Бірінші тәсілге шамасы жеткен кісіге жеңілдік іздеп келесі тәсілді қолдануы дұрыс емес. Шама жоқтығы нақты расталуы қажет. Сонда ғана келесі тәртіпті пайдалануға рұқсат етіледі. Әбу Һурайра: «Бір кісі Пайғамбарға ﷺ келіп «Ей, Аллаһтың елшісі, құрыдым!», — деді. Ол: «Сені не құртты?», — деп сұрады. Ол: «Рамазанда (күндіз) әйеліме жақындап қойдым», — деді. Ол ﷺ: «Азат ететін құл таба аламысың?», — деді. Ол: «Жоқ», — деді.

Ол ﷺ : «Екі ай бойы үзбей ораза ұстай аламысың?», — деді. Ол: «Жоқ», — деді. Ол ﷺ: «Алпыс міскінді тамақтандыратын нәрсе таба аламысың?», — деп сұрады. Ол: «Жоқ», — деді. Сосын Аллаһтың елшісі ﷺ біраз үндемей отырды. Сол уақытта оған біреу бір себет құрма әкелді. Пайғамбар ﷺ әлгі кісіге: «Мынаны садақа етіп тарат», — деді. Ол: «Бізден мұқтажырақ адам бар ма екен? Қаламыздың екі арасында орналасқан жұрттың ішінде бұл нәрсеге бізден мұқтажырақ отбасы жоқ шығар?», — деді. Мұны естіген Пайғамбар ﷺ жымиып, тіпті күрек тістері көрінді. Сосын оған: «Бар да, осы құрмамен отбасыңды тамақтандыр», — деді деген (Сахих Муслим:2/781).

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!