Понедельник, 17 Декабрь

Имамдар арасында өткен «Елтаным» байқауы бітті

0

Имамдардың зияткерлігі мен шешендік шеберліктерін шыңдау — басты талаптың бірі. Бұл бойынша былтырғы өткен республикалық форумда арнайы бағдарлама қабылданғанды.
Араға жыл салып, имамдардың бабын байқау үшін ұйымдастырылған «Елтаным» сайысы да мəресіне жетті.

Салт-дəстүрді дəріптеу, би-шешендерше сөйлеу бойынша алматылық 25 имам сынға түскен еді. Ақтық сайысқа 8 қатысушы жетті. Бас жүлдені Д.Қонаев атындағы мешіттің имамы Мейіржан Күлсімақыл жеңіп алды.

Халық діннің тек шариғат тұрғысынан емес, Исламды ұстанған қазақ халқының дəстүрмен сабақтастығының да насихатталғанын қоштайды. Сондықтан дін қызметкерлерінің сұранысқа сай болуы міндет боп тұр.

uagyz.kz тілшісі

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!