Понедельник, 17 Декабрь

Ұлыбританияда мұсылмандар көбейіп келеді

0

Ұлыбританияда соңғы 15 жылда 500 шіркеу жабылып, 423 мешіт ашылған. Бұл беталыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Бұл жайында «Гейтстоун Институтының» сараптамалық орталығының мамандары мəлімдеді.

Мұсылмандар жаңадан мешіт салып жатқан жоқ. Олар шіркеулерді сатып алып, Алланың үйіне айналдырып келеді екен.

Мұсылмандардың көп бөлігі Манчестерде (15,8%), Бирмингемде (21,8%), Брэдфордта (24,7%) өмір сүріп жатыр.

Лондон қаласы исламды қалаға айналудың аз-ақ алдында тұр екен. Біріккен корольдіктің астанасы бірте-бірте «халал» қала боп келе жатқанын айтады, шариғат насихатшысының бірі Сайед Раз Ризви.

Демографиялық өсімнің қарқындылығы Ұлыбританияның барлық қалаларында байқала бастапты. Мұсылмандардың көбеюі жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, оқу, жұмыс орындарына оң ықпал етуде.

Мəселен, Лондон университетінің филиалы саналатын «Queen Mary» жоғары дəрежелі мектебінің оқу аудиторияларына ерлер мен əйелдер бөлек-бөлек есіктен кіретін болған.

Бұдан бөлек көптеген институттар да қыздар мен ұлдарға екі бөлек дəріс жүргізілуде.

Ел бойынша 100 астам шариғат қазылары бар. Бұл сан мұнымен тоқтап қалмайды.

Бирмингем, Брэдфорд, Манчестерден басқа Дерби, Лидс, Лестер, Ливерпуль, Шеффилд сияқты ірілі-ұсақты қалалар да мұсылманданып келеді екен.

Сондай-ақ, Мұхаммед жəне Махмұд есімді британдық балалар көбейіпті.

Дереккөзі: cursorinfo.co.il

Мөлдір Нұрман

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!