Понедельник, 17 Декабрь

«Уақып» қазақстандық қайырымдылық қорына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА, 2018 жылғы 5 қараша, – «Уақып» Қазақстандық қоры» Корпоративтік қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің шешімімен Қайрат Мұратұлы Әзімов «Уақып» Қазақстандық қайырымдылық қорының Президенті болып тағайындалды деп хабарлайды uagyz.kz сайтының тілшісі, waqyp.kz сілтемей жасап .

Қ. Әзімов дипломатия саласында тәжірибесі бар, ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінде, ҚР Дубай қ. және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулдығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ инвестиция тарту бойынша тәжірибе алған. Ана тілімен қатар, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.

Бірқатар марапаттарды иеленген, оның ішінде ҚР Сыртқы істер министрінің, ҚР Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Ресей халықтар достығы университеті басшылығының және Ресей Федерациясы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы Президентінің Алғыс хаттарымен мараппатталған.

«Уақып» Қазақстандық қоры» Корпоративтік қайырымдылық қоры ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылғы 1 шілдеде құрылған. Қордың негізгі мақсаты – 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасында көрсетілген дін саласындағы барлық бастамалар мен жоспарларды жан-жақты жүзеге асыру болып табылады.

 

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!