БҮГІНГІ МӘДЕНИЕТКЕ ИСЛАМНЫҢ ӘСЕРІ

0

Бүгінгі таңда ҚР-сы тәуелсіздік алғаннан кейін өміріміздің түрлі саласында болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр сипаты жағынан да жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың асқан қажеттілігін аңғартып отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқының мәдениеті үшін өзін-өзі айқындау үшін, өзіндік құндылықтары мен қайталанбас ерекшеліктерін бетке ұстай отыра, әлемдік ортада өзіндік орын алу міндеті қойылды. Алайда, қазіргі қоғамдық дамуда, біздің елімізде қанатын жайған ғаламдық қатынастардың өркендеп дамуы, қоғамның мәдени, діни, экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы өркениетті, дамыған елдердің қатарына қосылу. Қазақ халқы ғасырлар бойы сұрыпталған дәстүрлі мәдениетімізден айырылмай, қоғам дамуына сай сақтай білуі. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің қалыптасуына Ислам Өркениетінің ықпалы мол екендігі дау тудырмайтын мәселе.
Қай кезең болса да рухани байлық әр халықты сақтап қалатын және өмір сүру құқын дәлелдейтін қайнар бұлақ болған. Сондықтан діни тағылымдарындағы ізгілік пен адалдыққа, еңбекқорлыққа, рухани тазалыққа ұмтылдыратын қағида нормаларына ерекше көңіл бөлінген.
Қазақстан өзінің географиялық орналасуы жағынан евразиялық, Батыс пен Шығысты байланыстырушы Шығыс Жерорта теңізі мәдениет кеңістігі аумағындағы транзиттік мемлекет.
Қоғамдағы ойдың, одан кейінгі даму динамикасы түркі халықтарын, соның ішінде тарих сахнасына көтеріле бастаған қазақ халқын Ислам мәдениеті орбитасына алып келді. Қазақ халқының ислам өркениетімен араласуы, ислам дінін қабылдау арқылы орнықты. «Ислам діні» және «Ислам мәдениеті» ұғымдарының арасы жер мен көктей. Ислам діні Мұхаммед пайғамбарға аян жолмен келгені ақиқат болса, Ислам мәдениеті мұсылман дінін қабылдаған халықтардың қатысуымен жасалған өркениет. Бүгінгі күні Ислам дінінің қайта жаңғырту процесі жүріп жатыр. Осы процесс барысында Ислам діні туралы жастарда объективті білімнің болуы оларда «исламдық» экстремизм немесе фундаментализм деген ұғымдарға өзіндік көзқарастарының қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Әсіресе жастардың рухани өмірінде Ислам діни тағылымдарының рөлін түсінуге көмектесуде.
Қазақ халқының ұлттық бет-бейнесі осы уақыт аралығында тиянақты айқындалды. Оған әрине Ислам мәдениеті өлшеусіз әсер етті.
Ислам өркениетінің ұлттық менталитетінің қалыптасуына ықпал етуі тұрғысында қарастыруға болады. Олар дін мәдениеті және күллі адамзатқа ортақ мәдени құндылықтар: Діни мәдениетке әдет, шариғат, діни мәдениет және эстетика т.б. Жалпы адамзатқа ортақ мәдени құндылықтар – дүниетанымдық және адамшылық–эстетикалық мәдениет аспектілерінде қарастырылады.
Ислам өркениетінен қазақтың ұлттық менталитетінің ерекшелігін байқаймыз. Адамшылық-эстетикалық нормаларды қалыптастыруға қызмет ететін көркем туындылардан, халықтың әдет-ғұрыптарынан, сөйлеу мәдениетінен көрінеді. Қазақ халқы – талай қиын-қыстау дәуірлерді басынан өткізген, өзінің бай рухани мұрасын қастерлеп, қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп, жеткізген дана халық.
Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі кезде біздің қоғамдық санада төңкеріс болды. Бұл жағдай жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлттық саясат, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық сфераларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болды. Қазіргі Қазақстандағы діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің, қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсері әлі анықталмаған [1,32б.].
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіндегі жақсы әдеттерге, имандылық құндылықтарға, ата-бабадан қалған игі мұраларға, ұлағатты өнегенің әсеріне ерекше мән берген дана. Ислам діні имандылыққа жетелейді, Имандылық — дегеніміз адамның ар-ұжданы, тазалығы, адамгершілігі, әдептілігі, әділеттілігі.
Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тәрбиеге қатысты қайырымдылық, мейірімділік, жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайырымдылық тиімді.
Ислам дінінің тәрбиелік маңызы зор. Ислам діні мәдениеттіліктің бастамасы, оны қорғаушы күш. Қазақ елінің рухани тұғыры Ислам мен оның құндылықтарының қайта жаңғыруы халықтың өзінің рухани түп-тамырын толық түсінуге деген ұмтылысы. Сондықтан да, қазақ халқының діни-рухани мәдениетін танып білуге ұмтылуы заңды. Діннің қалыптасуына ықпал еткен рухани құндылықтарды зерттеу қазіргі қазақ
қоғамының рухани гүлденуі және діни санамыздың беріктігін нығайту үшін қажет.
Қазақтың бітім-болмысын және рухани жан дүниесін айшықтайтын Ислам дінінің құндылықтары мен мәдениетін жан-жақты саралау, қазақ қоғамындағы діни төзімділік пен діни келісім мұраты жолында қызмет етпек. Қазақстандағы қазіргі діни жағдайды және дінаралық қатынасты қарастыруда Ислам дінінің қоғамдағы мәдени-діни және рухани негізде саралау өзекті мәселе.
Еліміз тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастыққа енді, өркендеп гүлденуіне жол ашылды.
Елбасымыздың сөзі «Біздер, қазақтар үшін Ислам – ең алдымен бір кездері мүлде ұмыт болуға айналған біздің бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетіне лайықты бағасын беруге мүмкіндік тудыратын, біздің дүниетанамымызды анықтап беруші, биік идеал мен фактор, былайша айтқанда символ». Ислам діни күллі адамзаттың татулығы мен ынтымақсатстығын қалайтын бейбіт дін.
Ислам діні христиан және еврей діндері өкілдерімен дінаралық қатынаста, байланыста тіл табысуға көңіл аударады.
Ислам діні нәсілшілдік, ұлтшылдық және кемсітушілікті қабылдамайды. Ислам адамдарды нәсілі мен ұлты, атақ-дәрежесі мен шығу тегіне қарап емес, адамның тақуалығы мен көркем мінезі, рухани кемелдігі және адамдығына қарап таразылайды. Қайырымдылық және имандылық Ислам дінінің мәні. Әлемдік және дәстүрлі діни ілімдердің ортақ ұстанымдары мен біріктіруші қағидаларын үнемі назарда ұстау арқылы жүзеге асыру қажет. Сондықтан діни ілімдердің моральдық ұстанымдарын дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігін ғылыми тұрғыдан зерттеген жөн, өйткені діни қоғамдық сананың өміршең формасы ретінде адамзат қоғамының мәдениеті мен әлеуметтік өмірін қалыптастырушы және реттеуші фактор болғандығы және болып отырғандығы дау тудырмайды. Қазақстан көп конфессиялы мемлекет болғандықтан соңғы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі өсіп отыр. Діндердің түрлі сипаты мен бағыты ұлтаралық процесіне әсер етуде. Дін ұлтты ұйымдастырушы фактор және гуманистік қоғамдық құбылыс ретінде ұлтаралық процестерді тұрақтандыруға, бейбітшілік пен адамзаттық келісімге орнығуына әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның діни саласында төзімділік пен сыйластық тән. Бұл қуаттты тұрақтандырушы фактор болып табылады [2, 24б].
Қазіргі Қазақстанда таралған жаңа діни ағымдардың қоғамның әлеуметтік-рухани дамуына әсері, олардың таралуы және осы процесстерге ықпалы қарастырылуда. Сонымен қатар, жаңа діни ағымдарға деген қоғамның қарым-қатынасы, олардың Қазақстандағы дәстүрлі діндермен сыйымдылығы мәселесі қаралды. Ұлттық және мемлекеттік бірегейлікті сақтауда дәстүрлі діндермен салыстырғандағы жаңа діни ағымдардың рухани ықпалы таразыланып, бұл ағымдардың ішінде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға кері әсер ететін деструктивті бағыттағы жаңа діни ағымдардың зиянды әрекеттерін залалсыздандыру мен алдын алу мәселелері ғылыми-теориялық аспектілерінен көрсетілді.
Қазіргі таңдағы жастардың дінді ұстануын ескерсек, олардың дүниетанымында дінаралық сыйластық, яғни өзге діндерге құрметпен қарау, дінді ұстанбайтын азаматтарды түсінуге және ұлтаралық келісім мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Ниязов Нұрмұрат

Әдебиеттер:

1. Ғарифолла Есім Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар): -Алматы: Ғылым, 1996. Екінші кітап.- 61б.

2. Байтенова Н.Ж. Социально-философский анализ межэтнической интеграций: автореф. дисс. док. филос. наук.-Алматы, 1997.-36б.

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!