Понедельник, 17 Декабрь

Түлкібаста облыстық Құран жарысы өтті

0

Түркістан облысы Түлкібас ауданы аудандық “Түлкібас-ата орталық мешітінде” Мәуліт мерекесіне орай, ұлдар арасында Құранның толық 30 парасын жатқа айтудан, облыстық деңгейде жарыс өтті деп хабарлайды uagyz.kz тілшісі yassi.kz сайтына сілтеме жасап Сайыс тартысқа толы болды.
Әуелі облыс имамы Мұсабек қажы Ақтамберді қатысушыларға ақ батасын беріп, сəттілік тіледі. Құран жаттаудың – ақыреттегі сауабы жайлы насихат айтты.

Түлкібас ауданының бас имамы Руслан Ерменбаевтың ұйымдастыруымен және жарысқа демеушілік еткен жергілікті кəсіпкер Ернұр Айтымбетов мырзаға Мұсабек қажы Ақтамберді мырза алғысын білдірді. “Екі дүние бақыты мен телегей табыстар” тіледі.

Сайыс нәтижесінде
Құранның толық 30 парасы бойынша
1 орын: Мақан Айдын (Сарыағаш ауданы) — 150 000 теңге;

2 орын: Табын Салих (Түркістан қаласы) -100 000 теңге;

3 орын: Каров Алим (Сарыағаш ауданы)- 80 000 теңге иемденді.

Құранды қадір тұтатын қариларымыз көбейе берсін!

Пікір жазу

* Copy This Password *

* Type Or Paste Password Here *

error: Content is protected !!