Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

2

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге болатыны жайлы сұрады.

Бұрын тек қана Сарыағаш медресесі болып келген оқу ордасы екі жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Мұнда қазір сегіз  жүздей студент бар. Биыл мемлекеттен елу орындық грант бөлінген. Оларға шəкіртақы да тағайындалған. Ал қалған  білімгер колледж есебінен оқуда. Яғни, мұнда сабақ та, тамақ та, жатақ жайы да тегін. Колледж түлектеріне тек қана имам немесе молда болып қызмет етуі шарт емес. Əрі қарай жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, мемлекеттік органдар да қалаған мамандығы бойынша жұмыс істейтін болады. Сарыағаш медресе-колледжінің міндеті діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру.

Екхарт Хортсман  жуырда Кёльнде Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылған мешіт жайында айтты.
Ашылу салтанатында Германия канцлері Ангела Меркельдің өз елінде мейлі мұсылман, не христиан немесе басқа да конфессия өкілдерінің тең құқықты екенін атап өтіпті. Бұл да болса, жергілікті мұсылмандарға тəп-тəуір демеу болғанын тілге тиек етті.

Сондай германиялық қонақ өзі туып-өскен ауылда мұсылмандармен көрші тұрғанын, ол жерде мешіт және медресе болғанын əңгімелеп берді. Кейін ол мұсылман отбасылар басқа қалаға көшіп кеткен соң, мешіттің де, медресенің жабылып қалғанын қынжылыспен жеткізді.

Қашаннан тазалықты сүйетін неміс мейман Сарыағаш медресе-колледжінің тəртібі мен тазалығына дəн риза боп кетті.

UAGYZ.KZ

2 пікір

  1. Ассаляму — алейкум уа рахматулахи уа баракатух! Аллаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Елімізде сіздердей Ислам дінін таратушыларға Алла разы болсын! Сарыағаш медресе-колледжінің ұжымына алғысым шексіз. Балам мен бауырымның сол жерде білім алып жатқанына міне екінші жыл. Аллаға шүкір барі ойдағыдай. Тартіп жағы, білім беру жағы болсын барлық жағынан Ма ша Аллах! Баршанызға сол жерде білім алу бақытын насіп етсін Мейірімді Алла! Біздің келешек ұрпағымыз үшін Алланың беріп жатқан нығметі деп ойлаймын. Алланың мейіримі шексіз.

Пікір жазу

error: Content is protected !!