Тәуба бин әс-Самма атты кісі алпысқа таяған шағында өзіне есеп берген екен. Ол сол уақытқа дейінгі күндерін санаса 21 500 күн болыпты. Сонда айқай салып: «Қасірет болсын! Күніне бір күнә жасасам Алланың құзырына 21 500 күнәмен барады екенмін. Ал күніне он күнә істесем жағдайым не болмақ?», — деп есінен танып, сол мезетте кеудесінен жаны шығып кеткен екен.

Кіші күнә ғой деп істей берме. Сенің кіші деп жатқаның Алланың құзырында үлкен, ал үлкен деп ойлағаның кіші болуы мүмкін. Алланың ұлықтығын таныған шынайы мүміннің жүрегі кез келген кіші күнәні үлкен санайды.
Ендеше шариғатта тыйым салынған нәрсені өзің көріп қана қоймай, өзгеге де көрсетуге себеп болған адам күнәні екі есе арқалаған болып саналады. Сондықтан мұндай нәрседен аулақ болайық бауырлар. Тәуба ибн Саматтың уақиғасы баршамызға ғибрат. Осы уақытқа дейін күніне қаншама істеп жатқан күнәміздің өзі жеткілікті. Енді сол күнәні бір рет істеп, мың адамға айтсақ мың күнәні арқалаймыз, бір тыйым салынған нәрсені көріп мың адамға көрсетсек мың күнәні арқалаймыз. Бұдан арылайық. Бұл тек молдаларға ғана қатысты емес, баршамызға міндетті.

Пікір жазу

error: Content is protected !!