Үш ұл

0

Үш әйел себеттерін көтеріп базардан келе жатыр еді. Дем алу үшін жолдың шетіндегі орындыққа отырып өз балалары жайында сөз қозғады. Біріншісі тұрып: Менің балам өте ақылды тіпті ол екі қолымен азғантай уақыт жүре алады деді. Екінші әйел : менің баламның бұлбұлдай даусы бар, ол тақпақ айтқанда барлығы таң қалады деді. Ал үшінші әйел болса үн қатпастан олардың сөздерін тыңдап отырды. Әлгі екеуі одан сөйлемегенінің себебін сұрағанында ол: Менің баламның сіздерге айтып беретін бірде-бір ерекше артықшылығы жоқ. Алла берген бір бала деді. Бұл әйелдердің сөздерін  естіп келе жатқан бір қарт кісі бар еді. Әлгі әйелдер шаршап себеттерін жолдың ортасына қойып қойды.  Жүктерінің ауырлығынан ауырып қалған қолдарымен белдерін ұқалай бастады. Олардың балалары шауып жетіп келді. Бірінші әйелдің баласы аяғын аспанға көтеріп жүре жөнелді. Екінші әйелдің баласы бір үлкен тастың үстіне отыра қалып анасы жақсы көрген тақпақтарды айта бастады. Әлгі әйелдер оған әуес қойып оны мақтай бастады. Ал үшінші әйелдің баласы анасының жанына келіп: Анашым!  Мен сізге көмектесейін! Деді-де себетті ала кетті.

Әйелдер олардың артынан келе жатқан қария кісіден қайсымыздың баламыз тез деп сұрады.

Әлгі қария: Анасына жәрдем беруге асыққан бала ең ақылды, өйткені мұндай баланың жасаған ісі  Алла елшісі Мұхаммед с.а.у ның айтқан хадисіне тура келеді деді.

Пайғамбар с.а.у былай деген: «Ерлерге аналарына мейрімді болуларына бұйырамын.»

Өзбек тілінен аударған

Қасимов Нұрсұлтан

Пікір жазу

error: Content is protected !!