Адам а.с

0

Бірінші инсан Адам алайхиссалам. Сондай – ақ Адам алайхиссалам набилердің де біріншісі есептеледі. Алла тағала өзінің хикметімен жер жүзіне адамды жаратып, жаратқан ие орынбасарына жер жүзіндегі барша заттарды және мүмкіндіктерді мүлтіксіз орындауға әмір етіп қойды.  Алланың мейірімімен  барлық ерекшеліктеріне ие болған зат ол Адам алайхсалам.

Алла тағала Адамды топырақтан жаратты. Сосын оған өз рухынан яғни өзі жаратқан рухдан жан үрледі. Алла тағала адамға бұл дүниедегі өзі жаратқан әр-бір заттың есімдерін үйретті. Періштелерді оған сәжде жасауға бұйырды, адамға сәжде жасаудан бас тартты. Сөйтіп, Алланың қаһарына ұшыраған ол жұмақтан қуылып тынды.

Бұл жайлы Алла тағала құран кәрімде былай дейді:

Сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды.(Бақара сүресі 30- аят)

Жоғарыдағы аятта, Алла тағала Адамды жер жүзіне өзінің жердегі – халифасы етіп  жаратты. Демек, адамға үлкен сенім білдірген, ол ұлық болған Алланың халифасы болуда жоғарғы дәрежеге лайық болған. Мұндай сенімнің өзіне лайықты болудың өз қиыншылығы да бар еді. Осыны түсінген адам, оны халифа етіп жаратқан Жаратушы иеміздің бұйырғандарын орындауы, Алла тағала сенім білдірген  дәрежеге дақ түсірмеуге әрекет жасауы керек.

Періштелердің «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба1 деген сөздерінен аңғарылып тұр, олар өздеріне белгілі болған жолмен адамның жер жүзінде бұзғыншылық және қан төгіс жасауы, сол сәтте періштелік табиғатымен жаратушыға айтып тұрған мақтаулары және ұлықтаулары осы жаратылыстың мақсаты деп білген. Бірақ Алланың ілімі басқа, періштелер мұны білмейді. Соның үшін де Алла Тағала : «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,— деді. Яғни адамдардың кейбіреулерінің бұзғыншылық  немесе қан төгіс жасауы жер жүзіне халифа жаратуына кедергі болалмайды. Сондай – ақ, періштелердің Алланы үнемі мақтап ұлықтауы да жаратушыны олардан басқа маһлұқаттарды жаратудан тоса алмайды.

Алла Адам (а.с) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді.  (Бақара сүресі, 31 – аят)

Алла тағала Адамды Өзінің жер жүзіндегі халифасы етіп жаратқан уақытта оған ұлы бір сырды бергенін осы аятта білініп тұр. Ол да болса, Адамға есімдердің барлығын үйретуі. Яғни адам өзін  қоршап тұрған барлық нысандардың белгісі ретінде есімді, мағынаны пайдаланады. Сезетін, денеге ие болған нәрселерді түсіну үшін сөйлеу таңбаларын қолдану құдыреті адам өміріндегі ең ұлы құдіреттің бірі болып есептеледі. Әйтпесе, біреуге тауды түсіндіру үшін, оны таудың алдына алып барып айналдырып көрсетуден басқа амал жоқ.  Егер Алла тағала адамға осы қабілетті бермегенінде , жер жүзіндегі тіршілікті көз алдымызға елестету қиындықтар тудыратын еді.

Риуаяттарда «Мұның есімі ат, мынау түйе ал мынау күн, мынау жұлдыз» деп тіпті кішкентай заттарға дейін үйретілген. Яғни адамның жер жүзіне халифа болуының себептерінің бірі ілім алуға талпынысының болуы. Қазір де адам білімнің себебімен ғаламның сырларын ашуыда сол берілген қабілеттің нәтижесі.

Алла тағала адамға есімдердің барлығын үйреткеннен кейін оларды періштелерге көрсетіп  «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба ?Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» (Бақара сүресі  30-31 аят)деді.  Періштелер  ол заттарға есім беруде әлсіз болды және де әлсіздіктерін тән алып: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді.  (Бақара сүресі,  32 аят)

Періштелер өз кезегінде сөзсіз әдептілікті көрсете білді. Білмегенді «Білмейміз» деп. Білмегенді мойындау өз кезегінде «Білмеймін» деу де үлкен әдептен және үлкен ілім болып есептеледі.

Сол кезде Алла тағала өзінің жер жүзіндегі халифасы адамның ұлықтығын көрсету үшін:

«Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді. (Бақара сүресі ,33— аят )

Сонымен адамның періштелерден артықшылығы белгілі болды. Ол да болса, ілім еді. Адамзат жер жүзінде бұзғыншылық етуі және қан төгуі де мүмкін, Илахи нығметтерден болған ілімді өз орнында пайдаланып, періштелерден артық болуы да мүмкін.

Содан кейін Алла тағала Адам атаның сол жақ қабырғасынан ол зат үшін жан жары – Хауа Ананы жаратты. Оларға жаннаттан орын беріп, ол жерде бейбіт өмір сүрді. Олар жаннатта белгілі бір уақыт аралығында өмір кешті. Алла тағала оларға жаннаттағы барлық жемістерді жеуге рұқсат беріп, тек бір ғана ағаштың жемісін (сынау үшін) жеуден қайтарды.

Адамды және оның ұрпақтарын қияметке дейін адастыруға уәде берген, Алланың лағнеті болсын ібліс Адам ата және Хауа ананы үздіксіз азғырып, оларға жеуге тиым салған жемістен жеуге алып келді. Осы оқиғадан кейін Адам ата мен Хауа ана Аллаға тәубе етті. Алла тағала тәубелерін қабыл етіп және оларды жер жүзіне түсірді.

Жәбрейіл алейһиссалам Адам алейһиссаламға жер жүзінде өмір сүруі үшін, еңбек ету, соның ішінде диқаншылық, аграномдық, егістік алқаптарын суару сияқты жұмыстарды үйретті. Адам алейһиссалам жан жарымен егін егіп аграномдықпен айналысатын. Өмір сүрулері үшін өздеріне қажетті өнімдерді өсіріп, баптап, өнім алып өз күндерін көретін. Алла тағала Адам алейһиссалм және жан жары болған Хауа анамызға перзент сүйюді нәсіп етті.

Тарихшылардың арасында  Адам ата және Хауа ана жер шарының қайсы аумағына түскенін жайлы келіспеушіліктер туындайды. Бұл жайлы көптеген әігңмелер айтылған. Көпшілік пікір иелері Адам ата және Хауа ана арабстан жарты аралына түсірілген, дегенге тоқтайды. Және Үндістан тауларын түсірілген дегендер де бар.

Жаратылыстың алғашқы дәуірінен бастап адамзат көркем, сымбатты болған. Кейбір дінсіздер айтқанындай, әуелі қарапайым тіршілік иесі болып, сосын маймылға айналып маймылдан қайта адамға айналмаған. Мүмкін Алла тағалаоны өте сұлу, ең әдемі кейіпте жаратқан. Бұл ақиқатты Алла тағала Құран Кәрімде атап көрсетті. Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. (Тин сүресі,4 — аят)

Алла тағала адам баласын физикалық тұрғыда мықты және ақылды  рухани жағынан ең жақсы жағдайда жаратқаны баршамызға белгілі.

Содан кейін адамзат тарихындағы ең танымал, қайғылы оқиғалардың бірі – Абыл мен Қабыл оқиғасы орын алған.  Бұл оқиға жер жүзінде болып өткен ең бірінші күнә қылмыс ретінде есте сақталады.

Абыл және Қабыл Адам алейһиссаламның тұңғыш перзенттері еді. Сол кездегі қарапайым өмірге бейімделген, қалыпты  жағдайда перзенттер (Алланың қалауымен жұп-жұбымен) бір ұл, бір қыз туылған еді. Кейінгі перзенттері де жұп-жұбымен туылған.Ұлдары ержетіп қыздары бойжетті. Жер жүзінде олардан басқа ешкім болмағаны себепті, Алла тағала өзі бекіткен шариғат қағидасына қарай бірінші туылған ұлмен екінші туылған қызға үйленуі және екінші жұп та дәл осылай отбасын құруы жолға қойылған еді. Бұл тек алғашқы дәуірде рұқсат етілген болатын. Алла тағала адамзат жоқ дәуірде, адамдардың көбейюі үшін осылай жаратты. Соның үшін де отбасын құрып өмір сүруді басты назарға алған.

Тарихшылар Қабылдың тұңғыш перзент болғаны, ол жоғарыдағы заңдылыққа керісінше қарсы шығып өз сыңарына үйленуді қалаған. Бірақ Абыл оған қарсылық білдіріп екі бауырдың арасында талас болғанын алға тартады. Содан кейін Қабыл мен Абыл, Алла тағалаға үшін құрбандық шалды. Алла тағала Абылдың құрбандығын қабыл етті, ал Қабылдың құрбандығын қабыл  болмады. Қабыл көреалмаушылықтан өз бауыры Абылға қастандық жасайды. Міне осы жағдай жер жүзінде жасалынған ең алғашқы қылмыс болып саналады.

Алла тағала былай дейді: (Мұхаммед ) оларға Адам (А.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: “Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді.” (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : “Әлбетте мен сені өлтіремін” деді. Сонда (Абыл): “Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді” деді.)

“Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!”

“Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы.” Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырды да ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (Мәида сүресі 27- 30 аят)

Құран кәрімде адам атаның өлімі жайында ешқандай мағлұмат жоқ. Бұл жайында тарихшылар өз таластарымен ізденулері нәтижесінде былай дейді:

Кейбір риуаяттарға сүйене отырып, Адам ата мың жыл өмір сүрген дейді. Имам Табарий, Ибн Асир, Яъқубий және басқа ғұламалардың риуаятынша, қасиетті Меккедегі Абу Қубайс тауының жанына жерленгендігін алға тартады.  Адам алейһиссаламды жуу, кебіндеу, жаназасын оқу,қабірін қазу, жерлеуді періштелер орындаған.

Адам атаны кейбіреулер Үндістанға яғни үндістан тауларының жанына жерленген дейтіндер де бар.

Пікір жазу

error: Content is protected !!