Лұқма

0

Әли жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Әли кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін. Бір күні Әли  алаңға кетіп бара жатқанда ит қуалап, тар көшеге қашып кіреді. Аяғы жерге бір тиіп бір тимей келе жатқан Әли аяқ астындағы тасқа сүрініп құлайды. Көзін байыппен ашып қараса аяқ қолындағы жараларды байлап таңып отырған бір әйелді және өзімен жасты бір баланы көреді. Мұхаммед пен анасы Әлиді иттен қорғап оны өз үйлеріне алып барып бетіндегі жарақаттарды тазалай бастады. Әли оларға алғысын білдірді. Олардың үй жайы төмен дәрежеде екеніне қатты қынжылды.

Кешкі ас кезінде Әлидің тамағына бір нәрсе тығылғандай болып ас өтпеді. Кейінгі күні анасының дайындаған тамағынан алып Мұхаммедттің үйне барып сол жерде олармен бірге тамақтанды. Жүрегі мейірімге толы Әли, Пайғамбарымыз с.а.у мына бір хадиси қудусина амал жасады. Пайғамбарымыз с.а.у былай деген:

Кімде кім өзі тоқ болып, көршісі аш екенін біле тұра түнді өткізссе, ол маған иман келтірмепті. (Ибн Абу Шайба)

Пікір жазу

error: Content is protected !!