«Тәкфир» сөзінің мағынасы және оның қазіргі таңдағы мұсылмандардың сеніміне қатысы пәтуа

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Соңғы кездері көптеген мұсылмандар жүректеріне күмән салатын адамдарға көп жолығуда. Ол адамдар «Тәкпіршілер» деп аталатын жамағат өкілдері. Олар өздерінің жалған сенімдерімен көптеген мұсылмандарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайылық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, өзге мұсылмандарды адасушылықта айыптауда.

Бұл – жастар мен сауаты жоқ жандарды қызықтыратын әрі өзге де бүліктер секілді өткенді жоқ қылып, жарқын болашақ уәде ететін әдеттегі бүлік. Ал егер адамзат тарихындағы беделді біреудің сөзіне жүгіне уағыздаса, жоғары нәтижеге қол жеткізері анық. Осының барлығының артында үлкен саяси және экономикалық күш- қуат жинап отырған жасырын тұлға тұр. Өкінішке орай, осыған ұқсас жағдайлар бұрынғы Кеңес өкіметі құрамында болған аймақтардың барлығында кездеседі.

Олардың айтуынша, мүшрік, яғни серік қосушыны мойындамайтын адамның өзі мүшрік.

Қазіргі таңдағы жағдайға келер болсақ, жікшілдік саясаты мен соғыс жариялау, біреудің мүлкін тартып алу я болмаса қол сұғу – мұның барлығы саясат не болмаса надандық, алдыңғы шепте болуға талас, арам жолмен пайда табу.

Тәкфир – дінге енген жаңалық. Әлдекімдердің «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне ерудеміз», «Таза Ислам» немесе «таза Таухид» деп жүрген жалған сенімдері шектен шыққан қателік. Исламның он төрт ғасырлық тарихында көптеген ислами мектептер пайда болды, солардың біразы ғана ислами болса, көпшілігі саяси- ислами болды. Яғни, белгілі бір үкіметтің мүддесін қорғау немесе идеологиялық бағытты ұстанды.

Алғашқы алтын және ардақты ғасырларда ғылым дамып жатқан кезде ислам әлемінде он шақты ғалымдар ортаға шықты. Ал олардың еңбегі нәтижесінде Қасиетті Құран мен Сүннетке негізделген күшті мектептер пайда болды. Солардың ішінде әрі қарай тәжірибе жүзінде дамыған тек төрт мәзһаб болды. Себебі олар пайғамбарлық мұраны өз ішіне қамтып, мұсылман үмметіне жеткілікті болған еді. Заманауи діни ілімге келер болсақ, ол үлкен мәдени- тарихи мұраны, заманауи ілімді меңгеруші ғалымдардың еңбегі негізінде дамуда. Бұл мұра өзінің өміршеңдігін, шариғат заңдарына сәйкестігін және өзектілігін дәлелдеп, қасиетті жазбалардың тәжірибеде қолдану тәсілдерін өндірді.

Адамды Исламнан не шығаратынына (мәуәниъ) қарамастан, әрі шартын сақтамастан (шурут) адамды күпірлікте айыптау (тәкфир) ең үлкен күнәлардың қатарына жатады. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:

أَفَنَجْعَلُ الْمُسْلِمِينَ كَالْمُجْرِمِينَ مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ

«Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе? Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?»

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

من رمى مؤمناً بكفرٍ، فهو كقتله متفق عليه.

«Кімде кім мұсылман адамды күпірлікте айыптаған болса, ол адамды өлтіргенмен тең»[1].

Имам әл-Қуртуби (ол кісіге Алла рақым етсін) былай деген: «Күпірлікте айыптау (тәкфир) – көптеген адамдар өтпекші болып, сүрінген қауіпті есік. Бұл есікке таңдаулылар кірмей қорғалып қалды. Қорғалуға жететін еш нәрсе жоқ шығар!»[2].

Жоғарыда айтылғандардың барлығы күпірлікте айыптау мәселесінің (тәкфир), сондай- ақ кәпірлік (тәфсиқ) және дінге жаңалық енгізу (табдиъ) мәселелерінің маңыздылығын көрсетеді. Сүннет ұстанушылар (Әһлі Сүннет) күпірлік қылған адамның жасаған әрекеті күпірлікке дәлел бола алмаса, ол адамды имансыз деп санамайды. Ал дәлелдің келтірілу құқығы адамның білім дәрежесіне байланысты беріледі.

Қасиетті Құран мен Пайғамбардың (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын) сүннеті амал мен амал етушінің арасын ажыратады. Асылында, күнә істеуші әр адам кәпір болмайды. Және де Исламның қандай да бір қырын жоққа шығарушылар мен сол мәселені қате түсіндіретіндер (тәуил) арасында да айырмашылық бар. Негізінде екіншіге қарағанда, біріншілер имансыз болып саналады.

Хузайфа (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтады:

» إِنَّ أَخْوَفَ مَا أَخَافُ عَلَيْكُمْ رَجُلٌ قَرَأَ الْقُرْآنَ , حَتَّى إِذَا رَأَيْتَ بَهْجَتَهُ عَلَيْهِ ، وَكَانَ رِدْءًا لِلْإِسْلَامِ انْسَلَخَ مِنْهُ وَنَبَذَهُ وَرَاءَ ظَهْرِهِ ، وَسَعى عَلَى جَارِهِ بِالسَّيْفِ , وَرَمَاهُ بِالشِّرْكِ » . قُلْتُ : يَا نَبِيَّ اللَّهِ ! أَيُّهُمَا أَوْلَى بِالشِّرْكِ الرَّامِي ، أَوِ الْمَرْمِيِّ ؟ قَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : » بَلِ الرَّامِي » .

«Расында, мен сендердің араларыңдағы Құран оқитын, әрі Құранның әдемілігі жүзінен көрініп тұратын және ол Исламның әскері болатын адам үшін қорқамын. Кейін ол Құранды қалдырып, оған арқасын бере өз көршісіне қылышын көтеретін болады, әрі оны серік қосушылықта айыптайды». Сонда Хузайфа былай деп сұрады: «Ей, Алланың Елшісі, екеуінің қайсысы серік қосушыға жақын, айыптаушы ма әлде айыпталушы ма?!» Ол былай деп жауап берді: «Жоқ ,айыптаушы»[3].

Қарап отырсақ, біздің заманымызда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қорыққан жағдай болып отыр. Осы күнге дейін дұрыс сенімде жүріп келгендер өздерінің сенімдері мен әдістерін (манхадж) өзгертті, әрі мұны дұрыс деп санайды! Шындыққа ілесу – жақсы, ал ең бастысы – сол жолда жан тәсілім ету. Барша мұсылмандар Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) неден қорыққан болса, ол нәрседен қорқу қажет.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сләемі болсын) үш мәрте былай деп қайталаған:

ألا هلك المتنطعون

«Шектен тыс кінәмшілдік пен қаталдық танытушылар жазым болады»[4].

Шектен тыс кінәмшілдік, жанкештілік жақсылыққа апармайды. Кінә таға беру мұсылмандар арасындағы өшпенділікке апарады. Бұған қазіргі тада мысал жетерлік…

Исламда анық насихат бар:

لاَ إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ

«Дінде зорлық жоқ»[5]. Сондықтан да Ислам имандылық мен күпірлік мәселесін – адамның өз еркіндегі және ішкі түйсігінің жұмысы деп қарайды.

Ислам діні мұсылмандарға дінге шақыру және оны тарату жолын белгілеп берген. Бұл жол, исламға даналықпен және жұмсақтықпен шақыруды әрі көпқұдайшылармен сөз таластыру барысында көркем түрде айтысуға шақырады:

ادْعُ إِلِى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُم بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ

«Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жол тапқандарды да жақсы біледі.»[6]. ал Бақара сүресінде:

وَقُولُواْ لِلنَّاسِ حُسْناً

«…адамдарға көркем сөз сөйлеңдер…»[7]. Қасиетті Құранда жүз жиырмадан астам аяттар Исламды адамдар не қабыл алып я болмаса басқа тепсе де сабырлықпен, қарапайым етіп жеткізуге үндейді. Қасиетті Меккеге жасаған жорықтан соң «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол жердің тұрғындарын былай деп босатқан:

إذهبوا فأنتم الطلقاء»

«Барыңдар, сендер боссыңдар!»[8]*.

Осылайша ол Мекке тұрғындарын Исламды қабылдауға мәжбүрлемеген.

Баршамызға белгілі, мұсылман әскері Оңтүстік Азияға немесе Баты Африкаға жорық жасамаған. Алайда Ислам діні бізге сауда керуендері арқылы және өздерінің көркем мінезімен және жақсы қарым- қатынасымен адамдардың жүрегін жаулап алған мұсылман сопылар арқылы жеткен. Осылайша бұл аймақты мекен етушілер Исламды қабылдады.

Жоғарыда аталған мәселелерді қамти келе ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі «Тәкфиршілер» жамағатының әрекеттері жалпы Ислам дініне жат болғндықтан Қазақстанда таратылуына тиым салады.

و الله الموفق

هذا آخر ما أردنا إيراده في هذه الرسالة الوجيزة و نحمد الله سبحانه و تعالى أولا و آخرا

و الصلاة و السلام على سيدنا و مولانا محمد و آله و أصحابه صلاة و سلاما دائمين خالدين

القسم الشريعة الغراء و الإفتاء في الإدارة الدينية لمسلمى قزاقستان

ҚМДБ,Шариғат және Пәтуа бөлімі

[1] Ат-Табарани (Да помилует егоАллах!), хадис достоверный. «Сахихуль-Джами’» 6269.

[2] См. “Аль-Муфхим” 3/111.

[3] Аль-Бухари (Да помилует егоАллах!), в “Ат-Тарих” 297, Ибн Хиббан (Да помилует его Аллах!), 81. См. также “Ас-Сильсиля ас-Сахиха” 3201.

[4] Хадис от Ибн Мас’уда; св.х. Ахмада, Муслима и Абу Дауда.См. Ас-Суюты (Да будет доволен ими Аллах!), аль-Джами ас-Сагыр (Малый зборник). Бейрут. Аль-Кутуб аль-Ильмия, 1990, с. 569, хадис №9594.

[5] Сура «Аль-Бакъара», аят 256.

[6] Сура «Ан-Нахль», аят 125.

[7] Сура «Аль-Бакара», аят 83.

[8] См. Мухаммад аль-Газали (Да помилует его Аллах!). «Сто вопросов об исламе», часть 1, стр. 118,120 и далее, изд-во Дар Сабит,1983.

* قال ابن إسحاق: و حدثني بعض أهل العلم. أن النبي صلى الله عليه و سلم قال لأسرى أهل مكة ما ترون أنى فاعل فيكم؟ قالوا: خيرًا، أخ كريم و أبن أخ كريم. قال: إذهبوا فأنتم الطلقاء (السيرة النبوية لابن إسحاق).

Return to Top ▲Return to Top ▲