Ғұсылдан бұрын мәйiтке дәрет алдыру үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Тiрi адамның ғұсыл құйынатыны сияқты мәйiтке де аузы мен мұрнына су құймастан дәрет алдыру мұстахаб. Мәйiттiң аузы мен мұрнына су құю мүмкін болмағандықтан бас бармақ пен сұқ саусақты шүберекпен орап, оны сулап, мәйiттiң аузына, қызыл иегіне және мұрнына мәсiх(қолды сулап сүрту, сипау) тарту мұстахаб. Бұл аузы мен мұрнын шаю орнына жүредi.

Return to Top ▲Return to Top ▲