Дәстүрлі дін өкілдерінің кездесуі өтті

Қызылжарда ағымдағы жылдың 16 қазан күні Рухани келісім күні қарсаңында дәстүрлі дін өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қайыргелді Р., сондай-ақ Петропавл және Булаево епископы, Гурий Шалимов Г., Рим-католик шіркеуінен Дариуш Пашинский да қатысты. Жиынның басты тақырыбы – дінаралық, конфессияаралық келісімді сақтау, оны жүзеге асырудағы атқарылып жатқан іс-шаралар және қазіргі қоғамда өзекті болған мәселелерге діннің көзқарасы мен тигізер септігі.

Кездесу барысында дін өкілдері конструктивті диалог құрып, елімізде ынтымақтастық пен толеранттықты алға қойған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдап, бүгінде 21 жыл бойы аталып келе жатқан Рухани келісім күнін көп ұлтты, көп конфессиялы егемен елімізде тыныштықтың орнауына тигізер әсері мол деп атап өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲