СҚО мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыруға 995 млн теңге бөлінді

СҚО мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы бюджеттен 995 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығы Асқар Сақыпкереевке сілтеме жасап.

Басқарма бастығының мәліметіне қарағанда, 2011 жылы облыста мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыруға 995 млн теңге бөлінген.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құрал-жабдықтар алу үшін облыстық бюджеттен 140,54 млн теңге қаржы бөлініп, 300 мүгедек арбасы, 1354 сурдо-тифлотехника, оның ішінде 200 Бельгияда шығарылған сандық есту аппараты алынған және 465 «Сосновый бор» шипажайына жолдама берілген. Сондай-ақ, 816 адамға протездік-орподедиялық көмек көрсетілді.

Үйге келіп әлеуметтік көмек көрсететін 30 бөлім 3497 адамға қызмет жасайды. 879 мүгедек адамдар болса, олардың 416 балалар және 53 кәмелет жасына толған психоневрологиялық аурумен ауыратын жандар. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырып бойынша 2011 жылдың сәуір айынан бастап «АДОН-Север» АҚ ҮЕҰ 25 мүмкіндігі шектеулі адамға үйлеріне барып көмек көрсетеді.

Әрбір тоқсан сайын мүгедек бала асырап отырған 362 отбасына материалдық көмек беріледі. Облыстық әкімшіліктің шешімімен, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға қосымша тамақтану үшін және емдік орынға баруы үшін жолақысы төленетін болды.

Мүгедектерді оңалту орталығында 456 адам емделіп шықты, олардың 26 балалар.

Қаладағы көліктік кәсіпорындар есебінен қоғамдық бірлестіктің 600 мүшесі «Қазақ зағиптар қоғамы», «Ауғаныстан соғысы ардагерлері одағы», «Чернобыль қоғамы) жыл бойы қалалық қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Қалалық мүгедектер қоғамындағы «Әлеуметтік такси» қызметін 4050 адам пайдаланған.

Бағдарламаға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту шаралары қолға алынған.

«Қарасай» олимпиадалық емес спорт түрлері жоғары спорттық шеберлік мектебінде мүмкіндігі шектеулі ересектер жаттығады. Жыл басынан бері СҚО мүмкіндігі шектеулі спортшылары 13 республикалық және 3 халықаралық сайыстарға қатысқан.

ВNews.kz

Фото – www.primamedia.ru сайтынан алынды

Return to Top ▲Return to Top ▲