ДІНИ ДӘРІС-ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

  • 130 рет оқылды
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар орталық мешітінде бірнеше жылдан бері мектеп жасындағы балалардан бастап жасы үлкен адамдарға арнайы сауат ашу курстары жүргізіледі.

    Жастайынан жүрегіне имандылықты сіңіріп, әдеп пен тәртіптің негізін қалаған  оқушының келешегі кемел болмақ. Діни сауат ашуға арналған курста 150 ден астам оқушы  білім алып жүр. Оның  70 ке жуығы қыз балалар. Оларға жоғары діни білімі бар ұстаздар  Мұхаммед Солих және  Айжан Искандирова сабақ жүргізеді. Онда арнайы бекітілген сабақ кестесі бойынша Ислам дінінің тарихынан дәрістер, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет тақырыбында және мұсылман қауымының күнделікті тірлігінде басшылыққа алатын киелі де, қасиетті кітабы Құран сөздерін үйретеді.

    Жуырда мешіттен дәріс алып жүрген балалардың арасында интеллектуалдық және спорттық ойындары өткізілді. Қаланың ортасында  балалардың ойын алаңында өткізілген бұл шараға қала тұрғындарымен бірге облыс әкімі Айдарбек Сейпілұлы да куә болды.
    Жеңімпаз болған балалар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

    Қызылжар орталық мешітінің баспасөз хатшысы

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲