Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

        Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайдалин Айбек Оразымбетұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мешітіндегі бас имам қызметінен босатылып,  Қызылжар ауданы «Кәусар» мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды. Жамағат алдында аталған бұйрықты Жұмажанов Мақсат Аманжолұлы таныстырды.

        Жұма күнгі «Қасиетті Құранға құрмет көрсету» тақырыбы бойынша уағыз айтылып, жамағатпен жұма намазы оқылды.

        Жаңа қызметке тағайындалған наиб имам Айбек Оразымбетұлына сәттілік тілейміз.

Return to Top ▲Return to Top ▲