Имамдардың жылдық қорытынды есебі тыңдалды

Солтүстік Қазақстан облысының қала, аудан имамдарының қатысуымен «Qyzyljar» qalalyq мешітінде жылдың қорытынды есебін беру жиыны өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлының төрағалығымен өткен есеп беру кешінде ҚМДБ тарапынан бекітілген жалпы жеті бағыт: ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, оқу ағарту және кадрлық әлеует,рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр сабақтастығы, жат діни ағымдермен жұмыс, қайырымдылық іс-шараларымен қатар жалпы мешіт жағдайы турасында мәлімет беріліп, егжей-тегжейлі талқыға түсті. Жыл бойы атқарылған жемісті еңбектер де аталып өтті. Мысал айта кетелік, «uagyz.kz» медиа студиясы, осы жылы болған рант сапарлары, семинарлар, медресе құрылысы, облыстық Құран жарысы, «Ел үлесі пәтерге» жобасы, бірнеше ұлы сапарға жолдама мен «Мектепке жол акциясы». Тағы айта кетері, онлайн діни білімнің назарға алынуы, әлеуметтік желі қолданушыларының пайдалы ақпарат, нәтижелі білім алуына үлес қосу. Жыл бойы yоutube желісіне арнайы уағыздар жүктеліп, халыққа ұсынылды. Инстаграм желісінде quran.tili парақшасы ашылып, не бары бір жылдың ішінде 62 мың оқырман жиналды. Қаралымы 20 мыңнан басталып 2 млн-нан асатын бұл инстаграм желісінің қазір де оқырманына берер мәлімет, ақпараты, білім жағынан пайдасы орасан зор.

Жиын барысында аталмыш шаралар есебіне қатысты Бас имам имамдарға оң баға беріп, бұдан кейінгі өткізілетін іс-шараларға сәттілік тіледі. Үстіміздегі жылдағы кейбір кемшіліктерді ескертіп, ендігі жылдың бұл жылдан да жақсырақ жетістіктермен қуантатынына сенімін білдірді.

<div class="clearfix"></div>
Return to Top ▲Return to Top ▲