Күш – білімде, білім – кітапта


Күш – білімде, білім – кітапта десек, сөзімізге талас жоқ шығар.
Мәуліт мерекесіне орай, Хазірет алейһиссаламның өмірі бойынша кітап марафоны болып өтті. Марафонға жиырмаға жуық адам қатысып, өз білімдерін сынады.

Тест түрінде және жазбаша келген тапсырмаларды тыңғылықты орындап, І орынды Аманова Гүлдәурен иеленді. ІІ орынды Рахимберлина Зауреш , ал ІІІ орынды Юсупова Сара жеңіп алды. Жүлделі орындардың иелеріне 20 000 ₸, 15 000₸ және 10 000₸ көлеміндегі ақшалай сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар үздік 12 қатысушыға «Аллаға иман»,» Иман негіздері», «Дін мен діл»,» Әй, ұлым», «Хадис ғұрпымыз – сүннет салтымыз»,» Раббыңды ертелі-кеш есіңе ал» сынды бағалы кітаптар берілді.



<div class="clearfix"></div>
Return to Top ▲Return to Top ▲