Ақжарқын ауылында мешіт ашылды

              Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Ақжарқын ауылында жаңа мешіт ашылды.Рухани орданың ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, ауыл жамағатына жақсы тілегін білдірді. Мешітке «Кәусар» атауы берілді.

               Медет Жаңбырбай есімді белгілі кәсіпкер салдырған сауапты, сәулетті орын жұма күнгі жақсы жаңалық болды. Мешіт аумағы 150 кв.м құрайды. Асханасы да, дәретханасы да заманауи үлгіде салынған бұл мешітке келушілер саны да көп болары анық.

<div class="clearfix"></div>
Return to Top ▲Return to Top ▲