СҚО ИМАМДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Солтүстік өңірдің имам-молдалары облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде аттестациядан өтті. Маңызды емтиханға аймақ бойынша 100-ге тарта дін қызметкер қатысты.

Аталмыш аттестациялау үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты- имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, аттестация үш деңгейден тұрды. Емтихан барысында қала, аудан және ауыл имамдары А, В және С санаттары бойынша өз білім деңгейлерін тексерді.

Өңірдің дін қызметкерлері алдымен тестті электронды түрде тапсырса, кейін ақида, фиқҺ және ислам тарихы мен заң бойынша сұрақтарға ауызша жауап берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲