АРМАН ҚУАНЫШБАЙ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбай арнайы іс-сапармен Қызылжар өңірінде болды.

Арман Баймаханұлының өңірге сапары қалалық «Қызылжар» мешітінен басталды. Қызылжарлық жамағатқа “Жастар және имандылық тәрбие” тақырыбында уағыз насихат жүргізді.

Сондай-ақ облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде де уағыз айтты. Бұдан бөлек «Қызылжар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына «Жастар және имандылық тәрбие» тақырыбында сұхбат берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲