«QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры қызметіне Мейрамбек Қабылбекұлы тағайындалды.

Елордада өткен кезекті Төралқа мәжілісінде жаңа директорды Діни басқарма ұжымына таныстырған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, «QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу, зират көтеру рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және осы мәселеге қатысты жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Осы орталықтың директоры қызметіне осыған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінде белсенді жұмыс істеген Мейрамбек Қабылбекұлын тағайындау туралы шешім қабылдадым. Алла Тағала жаңа жұмысыңызға сәттілік нәсіп етсін» деп атап өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲