«ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Облыстық “Қызылжар”орталық мешітінің ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының таныстырылымы өтті.

Бұл еңбекте Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылған. Кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінезді қалыптастыру туралы түсіндірілген. Қазіргі таңда облысқа 100-ден астам данасы жеткізілген. Ал еліміз бойынша оның 5 мыңнан астам данасы шығарылған екен.

Салтанатты жиынға өңірдің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен қала және облыс имамдары қатысты. Жалпы, «Ихсан» – адамзатты тура жолға бастайтын, жат ағымға ілесуден сақтайтын ілім. Сондай ақ, ізгілік пен адалдықты насихаттап, әрбір істі ынта-жігермен атқаруға баулиды.

Айта кетейік, алдағы уақытта Қазақстан бойынша тағы 20-ға жуық кітаптың тұсауы кесілмек.

Return to Top ▲Return to Top ▲