СҚО-ДА ҚҰРБАН АЙТ КАРАНТИН ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 20, 21, 22 шілде күндеріне сәйкес келеді. Өңірдің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы осы жылы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу қашықтан жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Облыс бойынша былтырғы жылдағыдай Qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға ниет еткен азаматтар тапсырыс бере алады. Бұл жайында өңір имамдары мәлімдеді.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық екінші жыл қатарынан қашықтан шалынады. Оған Жұмысшы кентінде арнайы орын қарастырылады. Құрбандық шалушылар өтінішін qurban2021.kz сайтында шілденің 22-не дейін тапсырып үлгеруі қажет. – Бұл жобаның мақсаты- қайырымдылққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол болып саналады. Сонымен қатар, карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру оңтайлы шешім. Онлайн түрде – дейді өңірдің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы.

Өңір мешіттерінде шілденің 20-ы күні таңғы 7-де құрбан айт намазы оқылатын болады. Барлық санитарлық талап қатаң сақталуы керек.

– Осы ретте тек тапсырыс берумен қатар, мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады. Өзі жеке құрбан шалған жандар мешітіміздің еріктілері арқылы мұқтаж жандарға құрбан етін үлестіруге де мүмкіндік қарастырылған. Құрбан шалу рәсіміне қатысты биыл қойдың бағасы 65 000 мың, ірі қара 350 000 мың деп бекітіліп сол бағаға қасапшының ақысы, басының үйітілуі толықтай қамтылған- дейді Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы.

Айта кетейік, ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның құрбан шалуына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу болмайды.

Return to Top ▲Return to Top ▲