САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын аяқтады.

Жазғы сауат ашу курстарында «Қызылжар» орталық мешітінің білікті ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол сабақтарды үйретті.

Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Биылғы діни сауат ашу курсына «Қызылжар» орталық мешітінен 50 шәкірт қатысып, сәтті аяқтап шықты.

Return to Top ▲Return to Top ▲