Жұмыс жоспары бекітілді

Cолтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар» орталық мешітінде өңірдің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті.

Басқосуға қала және аудан имамдары қатысты. Жиын барысында жуырда ғана ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған 7 бағытты кеңінен таныстырылды. Өңірдің бас имамы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып, алда атқарылатын жұмыстың жоспарын бекітті. Сондай-ақ ҚМДБ тапсырмаларын уақытында орындау қажеттігін тілге тиек етті. Айта кетейік, барлық бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲