Қайырымдылық шарасы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының ұйымдастырумен  «Тайқазан» жобасы бойынша «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны өтті.

Сауапты шара барысында жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға және мүгедек жандарға көмек көрсетілді. Акция аясында өңірдегі 415 шаңыраққа азық-түлік қорабы таратылды. Манап Серікбаев 4 баласын өзі бағып-қағып отыр. Оған осындай көмек жиі көрсетіліп тұрады екен. Ол қолғабыс жасаған барша жандарға алғыс айтты. Бірлік болмай-тірлік болмас. «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны міндетті түде жалғасын табады. Мұқтаж жандарға кез-келген адам көмектесе алады.

Return to Top ▲Return to Top ▲