СҚО. ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР

СҚО-да «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің ұйымдастырумен кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолы олар «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесіне барды. Игілікті шара барысында жетім балаларға киім-кешек және тәтті сыйлықтар үлестірді. Шараның негізгі мақсаты- ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жүрегіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлау. Бүгінді аталмыш балалар үйінде 30-ға шақты ұл-қыз тәрбиеленіп келеді. Мекеме басшылығы дін қызметерлеріне алғыстарын білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲