Солтүстік Қазақстан облысы бойынша апамыз Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының рухына бағышталған қайырымдылық шара.

Бүгін ҚМДБ-ның СҚО бойынша облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде елімізге белгілі ардақты ана Жамал апаның қайтқанына 40 күн толуына орай, оның рухына бағышталған   республикалық қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл игі  шара аясында СҚО бойынша Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы және арнайы шақырылған  қонақтар БАҚ өкілдеріне он баланы дүниеге әкелген «Батыр ана», «Құрмет орденінің иегері», алты Алаштың  «Алтын анасы»  атанған Жамал апа туралы сұхбат берді. Және арнайы қасиетті Құран оқылып, дұға жасалды.

Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы  300 отбасыға азық-түлік берілді. Онда:

  1. 5 кг ұн,
  2. 5 л май,
  3. 5 кг күріш,
  4. 5 кг қант,
  5. 5 кг макарон
  6. 2 кг гречка
  7. 1  шай,
  8. 1  томат

 СҚО облыстық «Қызылжар» орталық мешіті баспасөз

Return to Top ▲Return to Top ▲