Әйел-қыздар секторы мәуліт өткізді.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторы ұйымдастыруыменен  ү.ж 10-қарашасында қалалық «Қызылжар» мешітінде мәуліт мерекесі өткізілді. Аталмыш игі шараға «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Исаев Қасымхан Абдоллаұлы қатысып, ардақты пайғамбарымыздың Мухаммад (с.а.с) өнегелі өмірінен уағыз айтып, мәулет мерекесін атап-өтудің маңыздылығы айтылды. Жетпіске жуық жиналған әйел-қыздарға, апаларға дайындалған көріністер қойылып, ойындар ойнатылды. Кеш арнайы жайылған дастархандағы ақ бата-тілектермен аяқталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲