Жас ұрпаққа насихат

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Қызылжар» орталық мешітіне жергілікті № 2 мектептің оқушылары келіп, мешіттің ұстазы Әділбеков Х. экскурсия жасап, исламның негізгі шарттары туралы, иман жайында, сондай-ақ отбасындағы ата-ананың қадірі, діндегі үлкен кісілерге көрсетілетін құрмет  тақырыптарына уағыз оқып берді. Мешітті аралап жүріп балалар  дәрісханада біраз кідіріп қалды. Онда  Әділбеков Х. балаларға араб тілі туралы біраз айтып, кей балалардың есімдерін тақтаға арабша жазып көрсетті. Балаларға бұл өте қызықты болып көрінді, дән риза болып, экскурсияны әрі қарай жалғастырды. Қоштасарда Әділбеков Х. Құран аятын оқып, дұға оқыды. Балалар қолдарын жайып, іштерінен өз тілектерін тіледі.DSC01474

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲